Мамандық таңдау мәселесі — адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау барысында жас түлек өз қабілеттерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажет. Осы бағытта мектептің кәсіптік бағдар беруші маманы М.Ж. Аралбаева 9 сынып оқушыларына түсінік жұмыстарын жүргізді. Өңіріміздегі және еліміздегі арнаулы оқу орындары туралы ақпарат берді.

