Мамандық таңдау

Мамандық таңдау — маңызды іс!
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтың өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына , қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы — адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның таңдаған мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Осы бағытта мектебіміздің кәсіптік бағдар беруші маманы Аралбаева М.Ж. бітіруші түлектермен және олардың ата -аналарымен жеке сұхбат жүргізіп, кеңес берді.