Мектептегі кәсіптік бағдар — бұл оқушыға мамандық таңдауда көмек көрсету, олардың мамандықтың әлеуметтік-экономикалық, психофизиологиялық сипаттамалары, адамға қойылатын талаптары туралы қажетті білім көлемін игеруге бағытталған іс-шаралар жүйесі. Осы бағытта сәуірдің 2-сі күні мектебіміздің кәсіптік бағдар беру маманы М.Ж. Аралбаева 9-10 сынып оқушыларының кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтап, белгілі бір мамандықты игерудің нақты мүмкіндіктері туралы түсінік берді.
